21 қыркүйекте Тілдер мерекесінде 4-5 сыныптар арасында «Ғажайыптар елінде» атты ертегілерден көрініс өтті. Онда 4 сынып оқушылары « Ханшайым мен ханзада» ертегісінен көріністі ағылшын тілінде көрсетті. 5 а сынып оқушылары «Қызыл телпек», «Үйшік», «Шалқан» ертегілерінен көрініс , ал 5 б сынып оқушылары «Түлкі мен тырна» , «Бауырсақ» ертегілерінен көрініс көрсетті.Әсіресе 5а сынып оқушылары Хамитова Алина , Уркумбаева Алуа, Цурган Софья, Павлов Климентий, ал 5 б сыныпта Байгужинова Жанель өз рөлдерін өте жақсы сомдай білді. Ертегілерден көрініс өте қызықты өтті. Балалар белсене қатысты.
І орынды «Қызыл телпек» ертегісі,
ІІ орынды «Шалқан» ертегісі
ІІІ орынды «Ханшайым мен ханзада » ертегісі жеңіп алды.