
№26 орта мектебінде 2013-2014 оқу жылында мемлекеттік тілде бастауыш сыныптар ашылды. Онда барлығы 94 оқушы оқиды. Осы сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер: Ислямова Г.Н., Кабылбаева А.С., Шакенова М.Е., Райымханова Г.Б. Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, дарындылығын дамыту- бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Осы мәселелерді шешу жолында бастауыш сынып мұғалімдері көптеген жұмыстар атқаруда. Жаңа технологияларға негізделген оқушылардың білім-білік дағдыларын дамытатын, білім деңгейлерін көтеретін сабақтар өткізілуде. Тәжірибе алмасу мақсатында 14.02.2014 ж. 1 Е сыныбында Қабылбаева А.С., сауат ашу пәнінен «Әке мен бала» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясына құрылған интерактивті сабақ, жақсы деңгейде өтті. 18.02.2014 ж. 1 Г сыныбында Ислямова Г.Н., математика пәнінен «Есеп. Қанша жас үлкен?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Дамыта оқыту технологиясына құрылған интерактивті сабақ, жақсы деңгейде өтті. Сонымен қатар көптеген тәрбиелік іс-шараларда өткізілуде.
- Оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау мерекесінде, өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналардың ризашылығын алды.
- Жаңа жыл мерекесі театрланған қойылым түрінде өтті.
- 8-наурыз мерекесіне байланысты барлық сыныптарда «Қыз сыны» сайысы өтті.
- Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесіне барлық сыныптарда киіз үй ұрылып, дастархан жайылып, наурыз көже берілді.Ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіліп, ұлттық ойындар ойналды.

Ата-аналар мерекелік іс-шараларға қатысып, мектеппен тығыз байланыс жасауда. |